Биыл осы уақытқа дейін Қазақстанда интернетте жасалған 12 мыңға жуық алаяқтық факті тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады, – деп жазды inform.kz.
«Жыл басынан бері 12 мыңға жуық алаяқтық дерек тіркелді. Алаяқтардың кесірінен 7 миллиард теңге шығын келді. 571 алаяқ ұсталып, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Алаяқтың арбауына түскендер, әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында көп», – деді ІІМ өкілі.