Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов колледж директорларының төмен жалақы алатынын айтты, – деп жазады inform.kz.
Министрдің айтуынша, колледж директорлары мектеп мұғалімдерінен төмен еңбекақы алады.
«Сондықтан бұл жерде өте маңызды өзгерістер қажет. Министрліктің де өз ұстанымы бар – біз тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, келесі оқу жылында бұл міндетті толық шешу үшін бар күшімізді саламыз», – деді министр.
А. Аймағамбетов атқарылған жұмыс нәтижелерін атап өтті. Қазіргі уақытта колледж педагогтері санатын көтергені үшін қосымша ақы ала алады. Бұрын бұл аттестаттаудан өту үшін жасалатын.
Сондай-ақ 180 колледж қайта жабдықталды, колледждерде өздерінің білім беру бағдарламаларын нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына өзгерте алады.