ХҚКО мүгедектерге төлқұжат бергені үшін 1 345 000 теңге мемлекеттік бажды заңсыз салған – агенттік
ХҚКО мүгедектерге төлқұжат бергені үшін 1 345 000 теңге мемлекеттік бажды заңсыз салған – агенттік
Фото: yandex.kz
353
оқылды
Ақмола облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға төлқұжат алғаны үшін мемлекеттік баж негізсіз салынған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Талдау барысында 500-ден астам мүгедек азаматтың құқы бұзылғаны анықталды. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес, аталған тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен азаматтардың бұзылған құқын қалпына келтіру мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта полиция органдарымен бірлесіп төленген мемлекеттік бажды қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Талап етілген баждардың жалпы сомасы – 1 345 000 теңге. Бұдан әрі осындай негізсіз мемлекеттік баж алуды болдырмау үшін Департамент ақпараттық жүйелерді сапалы интеграциялауды жүргізу, сондай-ақ белгілі бір санаттағы тұлғаларға және басқа да салаларда жеңілдіктер беруге қатысты қолданыстағы заңнаманы зерделеу қажет.