«Департамент Ө.Елубайұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол 2021-2022 жылдары локомотив депосының машинистерінен дизель отынын сатып алып, Жаңаарқа ауданы және Жаңаарқа кентінде өткізу үшін сертификатталмаған екі цистернада сақтаған. Тексеру барысында жер асты цистерналарынан жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асатын құжаты жоқ 15 тоннадан аса дизель отыны табылды», – делінген хабарламада.Ведомство мәліметінше, тергеу барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы қызметкерлеріне қатысты дизель отынын ұрлау схемасы ашылған.
«Ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкер жұмыстан босатылды. Сот үкімі бойынша Елубайұлы кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді», – деп мәлімдеді департамент.
Азат ҚАЗАҚ