Жоғалған қарудың 30 пайызы табылды
Жоғалған қарудың 30 пайызы табылды
443
оқылды
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы Президент резиденциясында 130 қару, оның ішінде 21 гранатомет жоғалған. Бұл жайында Бас прокуратура мәлімдеді.
«Құқық қорғау органдары ғимаратына жасалған шабуылдар нәтижесінде 1 259 қызметтік қару, оның ішінде автомат, тапанша және гранатомет ұрланған», – деді Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Оның айтуынша, тәртіпсіздіктерден кейін резиденцияда 130 қару мен оқ-дәрі жетіспеген. Алматы облысында Полиция департаменті ғимаратынан 53 пулемет, 367 тапанша, 1 гранатомет, 23 мыңнан аса оқ-дәрі ұрланған. Жамбыл облысында – 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық оқ-дәрі қолды болған. Қазір барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүйелі түрде қару-жарақ жасырылған қоймалар табылып, оған қатысы бар тұлғалар анықталуда. Осы күні 481 қару табылған. Бұл ұрланған арсеналдың үштен бірі ғана. Қалғаны әлі қылмыскерлердің қолында екені айтылды.