«AMANAT» партиясы: азық-түлік бағасын бақылау жалғасуда
«AMANAT» партиясы: азық-түлік бағасын бақылау жалғасуда
«AMANAT» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы жанынан құрылған арнайы топ қаламыздағы ірі гипермаркет DINA сауда орнында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. Cауда нүктесіндегі 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бақылау жүргізе келе: бірінші сұрыпты бидай ұны, нан өнімдері, күріш, көкөністер, сүт өнімдері және т.б. тауарлар сараптауға түсті, негізгі талдау барысында шекті бағадан ауытқулар анықталды. Мысалы, облыс әкімінің қаулысымен ұн өнімдеріне қойып отырған шекті бағасы кг 148 теңге болса, сауда нүктелерінде орташа баға 228 теңгені құрап отыр, яғни ауытқу 55 пайыз, ал қант-құмшекердің шекті бағасы 308 теңге, орташа бағасы – 489 теңгені құрайды, ауытқуы 65 пайыз, көкөністердің бағасы тіптен шарықтап тұр (орамжапырақтан басқасы: шекті баға – 175, дүкендегі баға – 95 тг).  
Алдағы уақытта мониторингтік топтың мүшелері бұл жұмысты тоқтатпай, тұрақты негізде қала сауда нүктелерінде де бақылау жүргізуді жоспарлап отыр.