«Алматыда 26 жастағы қыз 25-қабаттан секіріп өлді» – куәгерлер оқиғаның жай-жапсарын айтып берді
«Алматыда 26 жастағы қыз 25-қабаттан секіріп өлді» – куәгерлер оқиғаның жай-жапсарын айтып берді
Фото: видеодан скриншот
755
оқылды
Алматыда 26 жастағы қыз 25-қабаттың балконынан секіріп кетті. Оқыс оқиғаны куәгерлер телефонына видеоға түсіріп алған, – деп хабарлайды КТК арнасы.   Куәгерлердің болжамынша, мұндай қадамға баруына онкологиялық дертке шалдығуы себеп болуы мүмкін. Қыздың суицид жасамас бұрын балконда 30 минут бойы айқайлағанын да көргендер бар. Жантүршігерлік видеоны жігіт түсірген. Айтуынша, 25-қабаттағы балконнан үздіксіз айқайлаған дауыс естіліпті.
«25-қабаттан естілмеді деймін де, жарты сағаттай айқайлады. Артынан полиция кірді, сол кезде секірді ғой...», – дейді.
Оқиға орнында жедел криминалистика зертханасы түн ортасына дейін жұмыс істеген. 25-қабатты кешеннің біраз тұрғыны түнде болған жағдайдан бейхабар. Оқыс оқиға түнгі сағат 10 шамасында болған. Қас қағым сәт – үш секундтың ішінде 25-қабаттан құлдилаған қыз жерге жалп етіп түскен. Тұрғын үй кешеніндегі күзетші марқұмның бұл жерде тұрмағанын айтады. 25-қабатта негізінен, тәулікке жалға берілетін пәтерлер екен. Ал марқұм пәтердің емес, дәліздің балконынан секірген. 26 жастағы қыздың сөмкесінен онкологиялық ауруға шалдыққанын айғақтайтын анықтаманы көрген куәгерлер де бар екен. «Олай істеме деп бақырғанын естідім. Сөмкесінде онкология анализдері бар екен. Онкологиямен ауырған екен», – дейді куәгер. Полиция аталмыш жайтқа қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Әзірге бір нәрсені дөп басып айту қиын. Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Қайтыс болған азаматшаның жеке басы анықталды. Ол 26 жастағы қыз. Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚК 105-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен себеп-салдары анықталады», – деді. Қыз секірер алдында біреуге аудиохабарлама жібергенін естігендер де бар. Мән-жайын полиция анықтайды.