19 тамыз күні кешке Талдықорған – Үштөбе тас жолында Газель мен Nissan автокөлігі соғылып, сегіз адам зардап шекті. Көмекке асығып бара жатқан жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшырады.
Polisia.kz желілік басылымының жазуынша, жеңіл автокөліктің салонында бес ересек және үш бала болған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Сурет: polisia.kz
Айта кетерлігі, оқиға орнына асығып келе жатқан жедел жәрдем көлігі да жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жол апатына ұшырады. Бұл жол апатында зардап шеккендер жоқ. Тек көлікке залал келген.