Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен өткізген кездесуінен кейін Ресей Президентінің бастамасымен құрылған «Сириус» білім беру орталығында болды.
Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен, даму тұжырымдамасымен және ғылыми-технологиялық кластер құру жоспарымен танысты, – деп хабарлайды БОРТ№1 Telegram каналы.
«Сириустың» қызметі спорт, өнер, ғылым және шығармашылық салаларында ерекше қабілеттерін танытқан дарынды балаларды ерте анықтауға, дамытуға және одан әрі кәсіби түрде қолдауға бағытталған.