«Өткен жылдың соңынан осы жылғы шілдеге дейін ғана облыс аумағында екі бірдей ENKI және SGBrick ЖШС-нің кірпіш зауыты іске қосылды. Мұнда жылына жалпы көлемі 150 миллион дана кірпіш шығарылады. Бұл аталған құрылыс материалдарын жақын арада 1,5-2 есеге дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар аталған салада басқа да болашағы зор басқа да жобалар жүзеге асырылуда», – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребин.Бүгінде облыс жыл сайын 2 миллион 846 мың АҚШ долларына тең 40,2 мың тонна кірпішті Ресей мен Өзбекстанға, 48 мың АҚШ долларына бағаланған 520 мың тоннадан астам цементті, 8,1 мың тонна темірбетон өнімдері мен минералды тақталар, сонымен қатар 10,9 мың тонна қиыршық тас Ресейге импортталған. Мұнымен қоса, Ресей мен Қытайға 353 мың тоннадан астам пластмасса құбыры экспортталғанын атап өткен жөн.
Ақмола облысы