Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды.
Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.
Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.