Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болды
Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болды
2,423
оқылды
Алматыдағы 3650 әскери бөлімінде сарбаз өзін атып алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 22 тамызда сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы, (2001 жылы туылған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.