Қызылордада түнгі клубта адам пышақтаған 24 жастағы жігіт Нұр-Сұлтанда ұсталды
Қызылордада түнгі клубта адам пышақтаған 24 жастағы жігіт Нұр-Сұлтанда ұсталды
Фото: taunews.kz
538
оқылды
Қызылордада түнгі клубта адам пышақтап, қашып кеткен 24 жастағы жігіт астанада қолға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, түнгі клубта жастар төбелескен. Салдарынан 19 жастағы тұрғын пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. «Төбелес туралы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарланды. Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша іс тіркелді. Іздестіру нәтижесінде 24 жастағы тұрғынның Нұр-Сұлтан қаласында екені анықталды. Облыстық Полиция департаменті қалалық Полиция басқармасы жедел уәкілдерімен бірлесіп, қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрген күдіктіні елордада жалдамалы пәтерде қолға түсірді», – деді департамент өкілі. Бұған дейін Қызылордада киік мүйізін өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.