Электросамокат автокөлікке теңестірілмек
Электросамокат автокөлікке теңестірілмек
337
оқылды
Қазақстанда электросамокат мәртебесіне қатысты өзгерістер енгізіледі. Аталған өзгерістер қолданыстағы жол ережелері туралы заңнамаға және әкімшілік жауапкершілік заңнамасына енгізілетін болады. Осылайша, электросамокаттың қатысуымен болған заңбұзушылықтар үшін азаматтар заң аясында жауапқа тартылатын болады. Алматы ПД мұндай ереже электросамокат жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттерін бекіту үшін қажет екенін айтты. Себебі кейінгі кездері осы мәселеге қатысты оқыс оқиғалар жиілеген.