Ет бағасы өспей ме?
Ет бағасы өспей ме?
392
оқылды
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда ет ба­ғасының өсуіне ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді. Ал осыған дейін құнның көтерілуіне ведомство басшысы басқа заттардың қым­бат­тауын айыптап отыр.
«Мал басы өсіп жатыр. Шетелге экспорттау көлемі де артып келеді. Сондықтан жағдай тұрақты. Жанар-жағармайдан бастап барлық қажетті заттардың бағасы өскеніне байланысты ет бағасы да біршама көтерілуі мүмкін», – дейді Қарашүкеев.
Министрдің айтуынша, мал шаруа­шылығының рентабельділік деңгейі біркелкі сақталуы керек. Егер олар шы­ғынға ұшыраса, ертең ет бағасы да, көлемі де болмайды. Сондықтан бағаны болжау қиын.
«Бағаны болжаған кезде біз бірнеше фак­торды ескеруіміз керек. Бірінші фак­­тор – мал басы. Мал басы тұрақты өсіп жа­­тыр. Екінші мәселе – қаржылан­дыру», – деді Ауыл шаруашылығы министрі.