Қыркүйектен бастап 5 мыңнан астам тергеуші мектептерде кездесу өткізеді – видео
Қыркүйектен бастап 5 мыңнан астам тергеуші мектептерде кездесу өткізеді – видео
Фото: polisia.kz
640
оқылды
Жуырда жаңа оқу жылы басталады. Мектептегі қауіпсіздікті күшейту мәселесін Ішкі істер министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің жазуынша, жиынға облыс әкімдерінің орынбасары, білім басқармасы мен Полиция департаментінің директорлары да онлайн режимде қатысты. ІІМ басшысы Марат Ахметжанов жол апатынан балалар зардап шегетінін, оқыс оқиғалардың алдын алу мәселесін де қозғады. Сондықтан «Назар аударыңыз, балалар!» іс-шарасы басталды. Балаларды тасымалдайтын мектеп автобустары да бақылауға алынады.
«Қыркүйек айынан бастап 5 мыңнан астам тергеуші біздің мектептерге келіп, профилактикалық мақсатта қажетті кездесулер өткізеді. Мектеп директорлары мен білім беру бөлімдерінің басшылары қатысады. Оқу жылының басында Ішкі істер қызметкерлері мектептер жанында кезекшілікті күшейтеді», – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
Екі министр жедел басқару орталығына барып, мектептерде орнатылған соңғы үлгідегі камералардың жай-күйімен танысты.   https://youtu.be/V659TFyZHRE Қазіргі уақытта бейнебақылау Қазақстанның 7386 мектебінде жүргізіледі. Стационарлық дабыл түймесі 3514 мектепте бар. «Мобильді түйме» 1212 мектепте орнатылған.