Баку әуежайында Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы хабарлады.
Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көп қырлы мәселелерін қарастырады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады.