Талапқа бағынбаған жанар-жағар май станциялары лицензиядан айырылады - премьер-министр дизельдік отын мәселесі туралы
Талапқа бағынбаған жанар-жағар май станциялары лицензиядан айырылады - премьер-министр дизельдік отын мәселесі туралы
289
оқылды
Премьер-министр Әлихан Смайловтың қатысумен өткен кездесуде кәсіпкерлер дизель отынын транзиттік көліктерге сатуға басымдық беретін жанар-жағар май станцияларының барын айтты.
"DALA-FRUIT.KZ" ЖШС құрылтайшысы Болатбек Нәжметдинұлы тағы бір проблемалық мәселені көтерді. Оның айтуынша, өңірлерде жергілікті жанар-жағармай құю бекеттері дизель отынын транзиттік көліктерге құюды жөн көреді, ал төмендетілген бағамен алатын отандық машиналар отынсыз қалуда.
"Жаңа төлем жүйесі дүйсенбіден бастап енгізілді. "Талапқа бағынбаған" жанармай құю бекеттерінің лицензиясын қайтарып алуға дейін жазалаймыз. Сондықтан бұл мәселе жақын арада реттеледі", - деді премьер-министр.