Қазақстанда ағза алмастыруға мұқтаж адамдарға донор қажет. Ұлттық ғылыми онкология орталығында трансплантацияның жаңа технологиясы енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Inform.kz-тің жазуынша, орталықта алғаш рет трансплантолог-хирургтер туыстық донордан бүйрек трансплантациясын жасады.
АВ0 сәйкес келмейтін бүйрек трансплантациясы санаулы елде ғана жасалады. Бүйрек трансплантациясы – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттер үшін бүйректі алмастыратын терапияның бір әдісі. Бірақ донор тапшы.
10 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 3 566 пациент орган трансплантациялауға мұқтаж.
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны:
– бүйрекке – 3 154 ересек адам, 60 бала;
– бауырға – 169 ересек, 8 бала;
– өкпеге мұқтаж 17 ересек адам бар;
– 147 ересек адамға, 6 балаға жүрек керек;
– 2 ересек адамға, 3 балаға жүрек те, өкпе де қажет.