Алматыда жаңа туған нәрестені құтқарып қалған полицей Нұржан Шатунов полиция майоры шенін алды.
"Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, жанқиярлық ерлігі үшін майор шенін алды", – делінген хабарламада.
Ал лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.
Бұған дейін, алматылық полицейлер анасы дәретханада босанып, тастап кеткен жаңа туған нәрестені құтқарып қалғанын хабарлаған болатынбыз.