Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.
Бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетінін хабарлаған болатынбыз.