«Tomiris» жобасы: 342 үміткердің 30-ы оқуға қабылданды  
«Tomiris» жобасы: 342 үміткердің 30-ы оқуға қабылданды  
678
оқылды
Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» оқу бағдарламасының қатысушылары анықталды. Бағдарламаға қатысу үшін 18 шілде – 15 тамыз аралығында барлығы 342 өтініш жіберілді. Оның ішіндегі 125 өтініш талаптарға сай келді. Жоба ұйымдастырушыларының өкілдерінен тұратын конкурстық комиссия мен тәуелсіз сарапшылар үміткерлерге кезең-кезеңімен іріктеу жүргізіп, оларға баға берді. Бірінші кезеңде 125 үміткердің түйіндемесі мен мотивациялық хаты қаралып, баға берілді. Оның нәтижесінде финалдық кезең – сұхбатқа 60 адам өтті.    width= Екінші кезеңде Конкурстық комиссия мүшелері финалға өткен үміткерлермен сұхбат жүргізіп, ашық дауыс беру арқылы көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» оқу бағдарламасына қатысатын 30 әйел іріктеліп алынды. Оқу 5 қыркүйек күні басталады. «Tomiris» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының және Конрад Аденауэр Қорының қолдауымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.