Шетелдік азамат Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болып шекарашыларға оқ атқан
Шетелдік азамат Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болып шекарашыларға оқ атқан
Фото: gov.kz
943
оқылды
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған шетелдік азамат әскери қызметшілерге оқ атқан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылы 24 тамызда кешке ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылары Кеген ауданындағы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен мемлекеттік шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады. Шекара нарядының «тоқта» және «құжатыңды көрсет» деген талабын естіген шекара бұзушы аңшы қаруынан әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсетті және ізін суытуға тырысқан. Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келген жоқ. Олар шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырып жатыр» делінген хабарламада.
Қазір ел қылмыскерді ұстап, ел шекарасын қорғауда батылдық танытқан әскери қызметшілерді көтермелеу мәселесі қаралып жатыр.