Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті
1,233
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері Серік Ақылбай мен Сергей Худяковты қабылдады, – деп хабарлады akorda.kz. Кездесуде Президент «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың кейбір аспектілерін талқылады. Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді. ұлттық құрылтай Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің өкілі, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» жеке мекемесінің директоры Сергей Худяковты қабылдады. Жүздесуде тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Сондай-ақ Сергей Худяков қоғамдық бірлікті нығайту жөнінде көзқарасын білдірді.