Қызылордада сәбиді құтқарып қалған жасөспірімге пәтер кілті табысталды
Қызылордада сәбиді құтқарып қалған жасөспірімге пәтер кілті табысталды
288
оқылды
Қызылордада 2,5 жастағы сәбиді кәріз құдығынан алып шыққан 15 жастағы жасөспірімге облыс орталығынан екі бөлмелі пәтер берілді. Өткен аптада екі жарым жастағы сәби ашық тұрған кәріз құдығына түсіп кеткен. Аралдан колледжге оқуға түсуге келген 15 жастағы Арман Аманжолов баланы құдықтан алып шықты. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев педагогтардың тамыз кеңесінде мұқалмас ерік-жігерімен, табанды тәуекелге барған аралдық Арманға демеушілер көмегімен алынған пәтер кілтін табыс етті.
«Бүгін Арман батырға, оның ата-анасына барша Сыр елінің атынан зор ризашылығымды білдіремін. Бүгінде аймағымызда жомарт жүректі жанашыр азаматтар жетерлік. Сол демеушілердің атынан бүгінгі бейбіт күннің батыры болған бозбалаға баспана кілтін табыс етеміз. Қарапайым ғана ауыл баласының бұл ерлігі өзі сияқты қатар жүрген балаларға үлгі болсын, елдің ішінде осындай азаматтар көп болсын», - деді Н.Нәлібаев.