Тоқаев Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады
Тоқаев Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады
903
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады. Президент әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
"Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыстар тілеймін!" – деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.
Еске салайық, бұған дейін орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы деп танылғаны хабарланған болатын.