Жаздың соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Жаздың соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы
2,776
оқылды
«Қазгидромет» 30 тамыз-1 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамын хабарлады.
«Ауқымды солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек республиканың оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында, 31 тамыз-1 қыркүйекте солтүстікте, Батыс Қазақстан облысының батысында, 1 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр күтіледі, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы одан әрі көтерілуі ықтимал, күндіз термометр бағаны еліміздің басым бөлігінде 25-35, батыста және оңтүстікте 30-38 градусқа жетеді», – делінген хабарламада.