Мексикалық Сinemex кинотеатрлар желісі Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жектің көрсетілімін жариялады.
Жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Бұл айқаста Альвареске тиесілі екінші орта салмақтағы WBA Super, WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Жекпе-жек Мексиканың бірнеше қаласында үлкен экраннан көрсетіледі деп хабарланған. Билет бағасы 3-7 доллар аралығында.
Мексикада ірі спорттық шараларды кинотеатрда көрсету дәстүрге айналған. Бокстан басқа, футболдан Чемпиондар лигасы мен ҰФЛ матчтары да жиі көрсетіледі.