Мәулен Әшімбаев: Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің кепілі
Мәулен Әшімбаев: Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің кепілі
Фото: yandex.kz
311
оқылды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында жазды.   Баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекеттілігіміздің негізі, елдігіміздің кепілі. Сондықтан барлық ісіміздің құқықтық бастауы саналатын Конституциямызды ардақтау – әр қазақстандықтың абыройлы міндеті. Биыл бұл мерекенің мәні бұрынғыдан ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен конституциялық реформа қолға алынып, халқымыздың басым бөлігінің қолдауымен Ата Заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Сол себепті, бүгінгі мерекені Жаңа Қазақстанның табан тірейтін берік тұғыры болатын жаңартылған Конституциямен атап өтіп жатырмыз. Конституциялық реформа қалыптасқан саяси-құқықтық жүйемізді трансформациялауға негіз болды. Соған байланысты Парламенттің жаңа сессиясында қолданыстағы заңнаманы осы іргелі өзгерістерге сәйкестендіру жұмысы қарқынды жалғасады. Конституция күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін! Елдігіміз баянды болсын! Ата Заңымыз мәртебелі тұғырынан түспесін!