Нұр-Сұлтандағы жатақханалардың бірінен өрт шықты
Нұр-Сұлтандағы жатақханалардың бірінен өрт шықты
1,093
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы жатақханалардың бірінен өрт шықты. Зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Өрттің аумағы 18 шаршы метрді құрады.
«30 тамызда 12 сағат 26 минутта Өрт сөндіру қызметіне Алаш тас бойы 9 мекенжайы бойынша өрт туралы хабар түсті. Жедел түрде өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты жатақхананың бөлмесінде үй жиһаздары өртеніп жатқанын анықтады. Құтқарушылар өрт орнынан төрт адам құтқарды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 22 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.