Шымкентте қару-жарақ жасырылған екі орын анықталды
Шымкентте қару-жарақ жасырылған екі орын анықталды
444
оқылды
Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды тапты.
ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД-нің қызметкерлері мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы жанынан және орман алқабының жырасынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады.
"Нәтижесінде, полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматын, “Сайга” тегіс ұңғылы мылтығын, “Бенелли” аңшылық мылтығын, “Штурм” полиция қалқанын және дене бронды жилет, сондай-ақ 115 патрон және Ф-1 оқу гранатасын тәркіледі", – деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
ҚР ҚК-нің 287-бабы 1 және 3-бөліктері “Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.