Қарағанды облысында алып БелАЗ жеңіл көлікті жаншып өтті
Қарағанды облысында алып БелАЗ жеңіл көлікті жаншып өтті
538
оқылды
Қарағанды облысында БелАЗ ауыр көлігі ішінде бес адамы бар көлікті басып кеткен. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «БелАЗ» автокөлігінің жүргізушісі бұрылған кезде сол жақ бөлігімен ішінде кеніштің қызметкерлері болған «УАЗ» көлігіне соқтығысқан. Ауыр жүк машинасы жеңіл көлікті ішіндегі адамдарымен қоса езіп өткен.
«Соқтығысудың салдарынан «УАЗ« автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, осы көліктің тағы үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156 - бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.