Шымкентте бір топ адам саябақта демалған. Сол маңайда тамақ іздеп, айналаны тіміскілеп түлкі жүрген, – деп жазады otyrar.kz.
Тамақ іздеп жүрген түлкіні байқаған демалушылар оған жүгері лақтырған. Түлкіге тамақ тастап алыс кеткенімен, түлкі жасөспірімге тап берген.
«Жүгеріні 2-3 метр алыс жерге тастадым. Қас пен көздің арасында түлкінің өзіме тап бергенін байқамай да қалдым. Қатты қорықтым», – дейді жапа шеккен жасөспірім.
https://youtu.be/vKUVAAcf6Hs
Бәйдібек би алаңына таяу маңдағы саябаққа түлкі қайдан келгені беймәлім.