Ағайынды 2 бала Сырдария өзеніне батып кетті
Ағайынды 2 бала Сырдария өзеніне батып кетті
589
оқылды
Түркістан облысында бір отбасының екі бірдей баласы суға кетіп, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Арыс қаласының аумағындағы Қожатоғай елді мекенінің маңында болған. 2008 және 2011 жылы туған ағайындылар үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.
«Сырдария өзенінің жағасындағы көлшіктерге түсіп, қайта шыға алмай қалған. Бір баланың денесін түнгі сағат 00.30 шамасында ауыл тұрғындары тапқан. Ал екіншісін таңға жуық тауып, судан шығардық. Оқиғаға ТЖД 6 қызметкері және қажетті техникалары жұмылдырылды. Сондай-ақ балаларды іздеу жұмыстарына 80-нен астам ауыл тұрғыны  көмек көрсетті», - дейді Түркістан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.