Тоқаев көлік утилизациясына байланысты маңызды тапсырмалар берді
Тоқаев көлік утилизациясына байланысты маңызды тапсырмалар берді
Фото: car72.ru
694
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Президент Жолдауда заңсыз жеткізілген көлік мәселесін қозғап, оны заңдастыру бойынша біржолғы алым алуды ұсынды. – Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз жолдарын тоқтату мақсатында шешуші шаралар қабылдау қажет. Ең алдымен осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл негізі іздеуде жоқ және кедендік «рәсімнен» өткен автокөліктерге қатысты болуы тиіс, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.