Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым – Тоқаев
Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым – Тоқаев
836
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалатынын айтты.

«Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бірреттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», – деді Президент. Бұған дейін Мемлекет басшысы Судьялар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек деген болатын.