7 және 10 жастағы екі бала Үлкен Алматы каналына батып кетті
7 және 10 жастағы екі бала Үлкен Алматы каналына батып кетті
422
оқылды
27 тамызда Үлкен Алматы каналына жеті және он жасар екі бала батып кеткен.
«27 тамыз күні түскі сағат 13.29 шамасында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылының жергілікті тұрғындары хабарласқан. Олардың айтуынша, сол күні 2012 және 2015 жылдары туған ұл балалар Үлкен Алматы каналына батып кеткен. Суға абайсызда құлап кеткен балаларды ағыс алып кеткен», – делінген ведомство хабарламасында.
ТЖД қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.