«Бір келісін 12 мың теңгеден саттым» – полицейлер Павлодар тұрғынынан 18 қап көкнәр тәркіледі
«Бір келісін 12 мың теңгеден саттым» – полицейлер Павлодар тұрғынынан 18 қап көкнәр тәркіледі
Фото: polisia.kz
273
оқылды
Павлодарда полиция 18 қап көкнәр тәркіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Қылмыстық кодекстің  297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында  Павлодар қаласының тұрғыны қаладағы дүкеннен 12 мың теңгеге бір келі көкнәр сатып алғанын айттты. Ол көкнәрден есірткі дайындаған.
«Дүкен иесі Павлодарда жеке кәсіпкерлерден көкнәрді көтерме бағамен сатып алғанын және есірткіге тәуелді адамдарға бір келісін 12 000 теңгеден сатқанын айтты. Полицейлер дүкеннен салмағы 25 келі болатын 18 қап көкнәрді тәркіледі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 301-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткіні үйіне жеткізіп беретіндер көбейгенін, есірткі айналымына тосқауыл қою керегін айтқан еді.