Бес мемлекеттің елшісі Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын табыс етті
Бес мемлекеттің елшісі Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын табыс етті
Фото: akorda.kz
668
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ақорда резиденциясында 5 мемлекеттің Төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысына Ливия елшісі Аладдин Абдулсалам Лехуайк, Кувейт елшісі Омар Ахмед Мұхаммед Мурад Әл-Кандари, Словакия елшісі Роберт Кирнаг, Алжир елшісі Камал Фениш және Кения елшісі Бенсон Генри Оума Огуту сенім грамотасын табыс етті.    width= Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттармен әңгімелесу кезінде оларды еліміздегі дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бейбіт және ашық сыртқы саясат жүргізіп жатқанын атап өтті. Іс-шара соңында Президент түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мүмкіндіктердің бар екенін айтып, Елшілерге елімізде игі міндеттерін орындауда Қазақстан Үкіметінің қолдау көрсететінін жеткізді.