16 жасар жасөспірім Жайыққа батып бара жатқан баланы құтқарды
16 жасар жасөспірім Жайыққа батып бара жатқан баланы құтқарды
306
оқылды
Атырауда 3 жасар бала Жайық өзеніне құлап кеткен. Оны 16 жасар жасөспірім құтқарып қалды. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 2 қыркүйекте, сағат 18.00 шамасында болған.
«Атырау қаласындағы денешынықтыру-спорт кешенінің тұсында Жайық өзеніне батып бара жатқан баласын әкесі құтқармақ болған. Осы кезде шағын қайықпен өтіп бара жатқан 16 жастағы Евгений Русаков жедел көмекке ұмтылған. Стационарлық бекетте кезекшілік атқарып жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция лейтенанты Ақжол Қибатоллаев пен полиция аға лейтенанты Бердібек Хабибуллаев та көмекке келді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Кейін полицейлер 30 жастағы ер адам мен оның 2019 жылы туған ұлын Жайық өзенінің жағалауына шығаруға көмектесіп, жедел жәрдем шақырды. Әкесі мен баласына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Полиция ұсынған видеоға сүйенсек, отбасы катамаран жалдаған. Қазір өзенде адам тасымалдаудың қауіпсіздігін қадағаламаған жауапты тұлғаларға қатысты іс-құжаттары жинақталып жатыр.