Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылды: Төтенше жағдайлар министрлігі 40 бірлік техника, жеке құрамның 261 адамын, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ қосты. Су ағызу құрылғылары үшін суды 25 шақырым қашықтықта орналасқан табиғи су қоймасынан алуда. Өртті сөндіруге 21 рет суды шашу жүргізілді.
"Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағындағы өрттер сөндірілді. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына көшкен жоқ. Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазір жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде", - деп жазды жедел штабтан.