Әулиекөл ауылындағы мектепке көшірілген жандармен жүздескен Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла Тағала бұл сынақты сабырмен жеңіп шығуға, өртті тез арада ауыздықтауға күш-қуат нәсіп етсін. Біз сіздерге өз мүмкіндігіміздің аясында рухани әрі материалдық тұрғыдан көмек көрсетуге дайынбыз.
Сол үшін арнайы алдарыңызға келіп отырмыз. Жаратушы Жаббар Иеміз еліміз бен жерімізді түрлі сынақтан, тосыннан келетін табиғи апаттардан сақтағай», – деді.