Орманға қасақана өрт қойғандар қанша жылға сотталады? (видео)
Орманға қасақана өрт қойғандар қанша жылға сотталады? (видео)
Фото: ТЖМ-нің видеосынан скриншот
693
оқылды
Орманды әдейі өртегендер жазаланады. Орманды қасақана жою немесе зиян келтіргені үшін дүние-мүлкін тәркілеп, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басқарма басшысы Ермек Шүлденнің мәлімдеуінше, орманды өртеу ауыр қылмыс санатына жатады.
«Ішкі істер министрлігі орманды жою немесе зақымдағаны, қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеді. Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою арқылы немесе қоқыспен ластап, өзге де әрекетпен қасақана жою немесе зақымдау Қылмыстық кодекстің 341-бабымен сараланады. Аталған әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады. Ол үшін дүние-мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді Еркін Шүлден.
Бұған дейін Қостанайда өртенген егін алқабы туралы жазған болатынбыз.