Жаңа тұлғалар легі қалыптасады
Жаңа тұлғалар легі қалыптасады
322
оқылды
Түркістан облысында AMANAT LIDER атты пі­кірсайыс алаңы құрылды. Бұл – шешендік өнер мен ақыл-парасатты, құқықтық сауат пен сая­си белсенділікті қалыптастыру және да­мыту мақсатындағы дебаттық турнир. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық фи­лиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтың бас­тамасымен қолға алынған пікірсайыс аясында пар­тия­лық кадрлық резерв жасақтау, қоғамның өзекті мә­се­лелерін шешу жолына ықпал ететін жаңа белсенді тұлғаларды айқындау көзделуде. Жоба өңір бойынша 17 ау­данда өткізіліп, ақтық сайыс Түркістан қаласында об­лыстық деңгейде өз мәресіне жетеді. AMANAT LIDER пікірсайысының алғашқы іріктеу кезеңі Келес ауданында басталды. «Жастар Рухы» жастар қа­натының Түркістан облыстық филиалы және пар­тия­ның Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен дебатқа аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков жә­не депутат Ғ.Манахов, партияның аудандық фи­лиа­лы­ның атқарушы хатшысы А.Жұмабеков, аудандық фи­лиал жанындағы Партиялық бақылау кеңесінің төр-а­ғасы Р.Сұлтанов, «Келес келбеті» газетінің редакторы Г.Мұсабекова, №13 колледж директорының оқу ісі бойын­ша орынбасары Г.Садықова, аудандық «Жастар ре­сурстық орталығы» КММ директоры А.Ташкенбай қа­тысып, қазылық етті. Екі кезеңнен тұратын тартысты бәсекеде 10 спикердің пі­кірі ортаға салынды. Түрлі сала өкілдері қызығушылық та­нытқан партиялық жобаға білім саласының маман­дары, ауылдық округ әкімінің орынбасары, БПҰ төр- а­ға­сы, жеке кәсіпкер, ауған соғысының ардагері, БАҚ өкі­лі, жас белсенді, тіпті адвокат пен ақын-жазушы да өз бағын сынады. А.Жұмабековтың айтуынша, партияның жаңа жо­басын қолдап, аудандық деңгейдегі AMANAT LIDER пікір­сайысына қатысуға, өз мүмкіндігін көрсетуге ниетті белсенді азаматтар қатары көп болған. Бірінші кезеңде «Жаңа Қазақстанды» құрудағы «AMANAT» партиясының рөлі» тақырыбына қатысу­шы­лар өз позициясын білдірсе, екінші кезеңде «Ау­дан­ның өзекті мәселелері және шешу жолдары» та­қырыбы аясында спикердің ойы тыңдалды. Сұрақты тұжырым­дауға 20 секунд, ал жауап беруге 3 минутқа дейін уақыт беріл­ді. Қарсыластар бір-біріне сұрақтар қойып, ми ши­ратып, тақырыптардың мәнін ашты. Турнир ережесіне сай дебат 5 балдық жүйемен ба­ға­ланып, төрешілер жеңімпаз деп таныған 4 спикер ке­лесі кезеңге өтті. Пікірсайыс қорытындысында Рахматулла Ермеков ІІІ орын иеленсе, Жаппарәлі Әбішевке ІІ орын бұйыр­ды. Ал Талғат Орынбаев жеңімпаз атанып, об­лыстық деңгейде өтетін додаға жолдама алды. Топ жар­ған 3 спикер диплом және арнайы сыйлықтармен мара­патталды.

Асыл ТҰМАР