Қостанайдағы өрт: ауыл-аймаққа төнген қауіп сейілді
Қостанайдағы өрт: ауыл-аймаққа төнген қауіп сейілді
Фото: ТЖМ-нен алынды
401
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысындағы орман өртіне қатысты соңғы мәліметті жариялады. «Елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ. Өрт ошағын сөндіріп жатыр. Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) күзет ұйымдастырылды. Өткінші жауынның арқасында ауа ылғалы күшейді. Сағат 07.30 бастап өрт аумағын әуеден бақылап жатыр», –  делінген ТЖМ ресми мәліметінде. Жалпы, 91 тұрғын үй өртеніп кетті. Оның 85-і – Аманқарағай ауылында және 6-уы – Озерное ауылында. Өрт сөндіруге 224 техника, 6 әуекемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 2 193 адам жұмылдырылды. 11 адам жарақат алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты. 4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы – 107 257 гектар. ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді, ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖД психологтерінің жұмысы ұйымдастырылды. ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түскен. Әулиекөл ауданының эвакопунктінде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді. 57 адамға консультативтік көмек көрсетілді және топтық жұмыс форматымен 45 бала қамтылды. Өртті сөндіру жалғасып жатыр.