Азия чемпионаты: Тоқаев жеңімпаз Алан Құрманғалиевті құттықтады
Азия чемпионаты: Тоқаев жеңімпаз Алан Құрманғалиевті құттықтады
Фото: olympic.kz
337
оқылды
Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегерін құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жастағы қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады. Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен Мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді. Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды», –  делінген ресми хабарламада.