Қазақстанның солтүстігінде және батыстың кей жерлерінде аптап ыстық басылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +26...+28°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +34...+36°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +38...+40°C.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
