Әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға мораторий жарияланады – министр
Әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға мораторий жарияланады – министр
Фото: yandex.kz
691
оқылды
Әйелдердің зейнетке шығу жасы уақытша тыйым салынады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Inform.kz-тің мәліметінше, енді 2028 жылға дейін тоқтату үшін арнайы заң қабылданады. Үкімет отырысында осылай деп мәлім етті. «Бұдан басқа, 61 жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізуді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлем тағайындау кезеңінің ұзақтығын  1,5 жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады», – деді министр.