Есіктен өтуге таласқан кентаулық екі тұрғынның ерегісі кісі өлімімен аяқталды
Есіктен өтуге таласқан кентаулық екі тұрғынның ерегісі кісі өлімімен аяқталды
9,591
оқылды
Түркістан облысында есіктен өтуге таласқан кентаулық екі тұрғынның ерегісі кісі өлімімен аяқталды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, екі ер адам дүкен есігінен кірер сәтте иық тіресіп, сол үшін сөзге келіп қалған. Кейін жәбірленуші оқиға орнынан шығып кетіп, бірер минуттардан соң аталған дүкенге қайта келіп, арадағы дауды шешпек болған. Ерегіс әрі қарай Кентау қаласына кіреберіс маңдағы құрылысы аяқталмаған нысан аумағында жалғасқан. Екеуі төбелесіп, соңында күдікті жәбірленушіні пышақтап, қылмыс орнынан қашып кеткен. кісі өлімі
«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері бір тәуліктен кейін күдіктіні Алматы қаласынан ұстады. Ол бұрын тонау дерегімен сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Қазір  аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлел ретінде пышақ алынды. Күдікті қамауда»,– делінген Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
кісі өлімі