Суқұйғыш, торпақ, шаяндар: сабақ оқығанды ұнататын жандардың жұлдызнамасы анықталды
Суқұйғыш, торпақ, шаяндар: сабақ оқығанды ұнататын жандардың жұлдызнамасы анықталды
©ufa1.ru
665
оқылды
Оқу жылы басталды. Оқушылардың бірі  мектепке барғысы келсе, енді бірі сыныққа сылтау іздеп, бармаудың амалын қарастырады. Қалай болса да олар сабақтан құтыла алмайды. Сабаққа бармағанның өзінде, үй тапсырмасын орындау   міндетті. Соның ішінде суқұйғыш, торпақ, шаян белгісінде туғандар тапсырманы  екі етпей орындап, сабақ оқығанды ұнатады екен. Бұл жайында "Белновости" басылымы жазды.  Суқұйғыштар – үй тапсырмасын орындауды ұнататындар. Олар жалпы біреуге мойынсұнатын жандар емес. Өз дегенінен қайтпайтын қасиеті бар. Алайда үйде болса, уақытын бос өткізгенді ұнатпайды. Сондықтан сабақ оқып, тапсырма орындаудан қашпай, оған бар жанын салады. Оның үстіне, суқұйғыштар кез келген нәрсені оқып, ізденуден шаршамайды. Қандай қиын болмасын, өз-өзіне білім алудың жолын табады. Ал жұлдызнамалардың ішінде өте еңбекқоры – торпақ. Үйге берілген тапсырманың қай-қайсысы болсын, бәрін орындап, ештеңе жіберіп алмауға тырысады. Олар үшін ұсақ-түйектің бәрі маңызды. Өйткені өзгелерге үлгі болу қанына сіңіп кеткен. Әрдайым мұғалімнің мақтауын алып, үлгі тұтқанды ұнатады.  Және сол мақсатынан тайған емес. Үшіншісі – шаяндар. Осы жұлдызнама бойынша туған балалар көп ешкіммен араласа бермейтін, тұйықтау болып келеді. Көбіне өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Тіпті,  жалғыздық олардың белсенділігін арттыра түседі. Ондай кезде де шаяндар басқа балалар секілді шулап, ойнап, есі кетпейді. Керісінше, бос уақытын пайдалы өткізгенді жөн көреді. Сондықтан қойған талаптың бәрін орындайды. Ұсақ-түйектің бәрін мұқият зерттеп, одан ләззат алады. Міне, осыны қызықты дүние деп санайды.